Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның санитарлық дәрігерлері маймыл шешегінің алу жолдарын талқылады

СҚО-ның санитарлық дәрігерлері маймыл шешегінің алу жолдарын талқылады

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде маймыл шешегі ауруының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы мен аумағын маймыл шешегінің әкелінуінен және таралуынан санитарлық қорғау мәселелері бойынша облыстық семинар өткізілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Семинар Zoom конференциясы форматында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылар облыс тұрғындары арасында маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жолдарын, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің мамандарын оқыту мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, облысымызда маймыл шешегіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты – тіркеу немесе әкелу фактілері тіркелген жоқ. Бірақ сырттан жеткізу тәуекелдері жоғары болып қала береді. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейінгі аралықты құрайды. Адамдарда клиника жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ісінуі, бас айналуымен сипатталады. Аурудың ұзақтығы – 2-3 апта.

Shares