Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл электротехникалық зауытында референдум жайлы айтылды

Петропавл электротехникалық зауытында референдум жайлы айтылды

Энергия өндірісі, инфрақұрылымды дамыту және жаңа жұмыс орындары. Аталған мәселелерді АЭС салу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық халықтық штаб мүшелері электротехникалық зауыттың қызметкерлерімен кездесу барысында талқылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Штаб өкілдері алдағы референдумға жұртшылықтың қатысуының маңыздылығына тоқталды. Олар сондай-ақ осындай ірі нысандарды қолдау үшін қажетті білікті жұмыс күші мен техникалық білімнің қажеттілігін тілге тиек етіп, АЭС-тың артықшылығы туралы сөз етті. Жиын барысында штаб мүшелері АЭС әлемдегі ең қауіпсіз және сенімді қондырғылардың бірі болып саналатынын атап өтіп, қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайтынын айтты.⠀

“АЭС-ты салу және пайдалану кезіндегі басымдық – қауіпсіздік. Атом электр станциялары құнының 40%-на дейінгі сома қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Мысалы, Қазақстанда III және III+ буындағы АЭС салынуы мүмкін. Технологиялық тұрғыдан алғанда, бұны апаттар болған АЭС-пен салыстыруға келмейді, алға жасалған нық қадам дер едім”, – деп атап өтті Халықтық штабтың мүшесі Жеңіс Асанов.

Кездесуде Ескендір Елеусізов, Қайрат Пішенбаев және Сәлімхан Сәбитовтар да АЭС туралы өз пікірлерімен бөлісті. Олар нысанның экономикалық пайдасы мен Қазақстанның әлеуетті энергетикалық тәуелсіздігін атап өтті.

Shares