Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университеті студенттеріне елде АЭС салудың артықшылықтары туралы айтылды

Қозыбаев университеті студенттеріне елде АЭС салудың артықшылықтары туралы айтылды

Атом электр станциясын салу мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің өкілдері Қозыбаев университеті студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі

Студенттер алдында Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Козлов сөз сөйледі. Ол балаларға атом энергетикасының артықшылықтары, сондай-ақ оның қауіпсіздігі мен елдің дамуындағы рөлі туралы айтып берді.

“Студенттер өте мұқият тыңдады, негізінен станцияның қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қойды. Біз барлық сұрақтарға жауап беруге тырыстық және оларды 6 қазанда өтетін референдумға шақырдық. Жастардың барлығы “қарсы емеспін” немесе “қарсымын” жолағын таңдау үшін ақпаратпен қанық болуы тиіс.
Олар саналы шешім қабылдауы керек”, – деп атап өтті Владимир Козлов.

Өз кезегінде студенттер кездесу арқылы Қазақстанның болашағы үшін маңызды саналатын атом энергетикасы туралы көптеген қызықты нәрселерді естігендерін айтты.

Shares