Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Аризона Университетінің өкілдері петропавлдық оқушылармен кездесті

Аризона Университетінің өкілдері петропавлдық оқушылармен кездесті

Оқушылар сарайында Аризона Университетінің өкілдерімен Петропавл мектептерінің оқушылары кездесді. Шараға 200-ге жуық жас қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Оларға Аризона Университеті жайлы: білім беру бағдарламалары, кампус, ғылыми әзірлемелер туралы айтылды. Айтып өткен жөн, бұл университет NASA-ның планетарлық миссияларына қатысады және астробиология, инженерия, медицина, биотехнология бойынша жобаларды жүзеге асырады”,- делінген Қозыбаев университеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, спикерлер бірлескен қос дипломдық бағдарламалар бойынша грантта оқып жатқан студенттер туралы айтып өтті. Биыл олардың саны 500-ге жетті. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі және жетінші семестрде жастар Аризонаға оқуға жіберіледі. Оқушылар оқу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды.

Shares