Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да екі күндік “Жолда қабылдау” акциясы өтеді

СҚО-да екі күндік “Жолда қабылдау” акциясы өтеді

13-14 қыркүйек күндері СҚО-да “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Азаматтардың сұрақтарына өз құзыреті шеңберінде әкімшілік полиция басқармасының, жергілікті полиция қызметі басқармасының, көші-қон қызметі басқармасының, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті процессингтік орталығының басшылығы онлайн режимде жауап береді”, – делінген СҚО ПД хабарламасында.

Instagram және Facebook желілеріндегі СҚО полиция департаментінің ресми аккаунттарында шарадан тікелей эфир ұсынылады.

Сонымен қатар, 14 қыркүйек күні Булаев қаласында “Жолда қабылдау” көшпелі акциясы өтеді.

Shares