Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Бұл нысандарда қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұр”: Қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов АЭС жайлы пікір білдірді

“Бұл нысандарда қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұр”: Қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов АЭС жайлы пікір білдірді

Өңірлік халықтық штаб мүшелері Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Арнайы топ атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтетін алдағы референдум туралы айту үшін әртүрлі ұйымдарға, соның ішінде білім беру нысандарына барып жүр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жалпыхалықтық дауыс беру 6 қазанда өтеді. Өңірлік халықтық штаб мүшесі Болат Қожахметов солтүстікқазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырады. Оның пікірінше, АЭС құрылысы біздің еліміз үшін алға жасалған маңызды қадам болып табылады.

“Біздің азаматтарымыз жақында жалпыхалықтық дауыс беру өтетінін біледі, оған көз жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар, біздің қаламыздың еңбек ұжымдарының қызметкерлері Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығы туралы естіген. АЭС десе кейбір адамдар бұрынғы апаттарды еске алады. Қазір мүлде басқа өмір. Технология бір орында тұрмайды, жыл артқан сайын алға жылжу үстінде. Дамыған елдерде үшінші буындағы АЭС салынуда. Бұл нысандарда қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұр”, – деді Өңірлік халықтық штабтың мүшесі Болат Қожахметов.

Shares