Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚР Ұлттық ұланы академиясында жас курсанттарға жауынгерлік қару тапсырылды

ҚР Ұлттық ұланы академиясында жас курсанттарға жауынгерлік қару тапсырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында 1 курс курсанттарына жауынгерлік қаруды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Жауынгерлерге қару тапсыру салтанатты шарасы академияның саптық алаңында өтті. Қатарда тұрған жас курсанттарды Ұлттық ұлан академиясы бастығының бірінші орынбасары полковник Аскар Файзулин құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Кеше ғана Отанға адал қызмет етемін деп әскери ант берген жас сарбаздар, бүгін сіздерге салтанатты түрде жауынгерлік қару табыстадық. Өздеріңізге бекітіліп берген қарумен 4 жыл бойы жауынгерлік қызметтеріңізді атқаратын боласыздар. Қызметтеріңізге табыс тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етуге, қаруды тек оқу-жаттығу мақсатында қолдануларыңызға тілектестік білдіремін”, – деді Аскар Кайратұлы.

Жалынды жігіттер жеке қарумен жаттығудан өтеді, оқу-жаттығу атыстарын, сондай-ақ әртүрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Салтанатты жиынға өңіріміздің бетке ұстар азаматтары арасынан СҚО бойынша Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шамиль Шакиров пен Ұлттық ұлан академиясының ардагері Петр Цвингер де қатысты.

“Сіздер құлшыныспен және бастамамен әскери істі зерделеп, академия мен Ұлттық ұланның даңқты дәстүрлерін сақтап, көбейтіп, өз бөлімшелеріңіздің абыройын сақтайтындарыңызға сенім білдіремін”,- деді Шамиль Адгамович.

Қоса кетейік, әскери қызметші қаруды алған кезден бастап оған дербес түрде жауапты болады.

Shares