Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық белсенділер “Jastar Generation 2024” халықаралық лагеріне қатысты

Солтүстікқазақстандық белсенділер “Jastar Generation 2024” халықаралық лагеріне қатысты

Алматыда “Jastar Generation 2024” халықаралық лагері өтті, оның жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен барған жастар ұйымдарының көшбасшылары мен еріктілері, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің делегациялары қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Іс-шараның қонақтары – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов және Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің директоры Амир Пирич.

Солтүстік Қазақстан облысынан “Jastar Generation 2024” халықаралық лагерінің жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Елена Семидоцких және “Жастар Ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы Дариға Смайылова қатысты.

“Бұл маған бірсыпыра жағымды эмоция мен мотивация берген керемет тәжірибе дегім келеді. Спикерлермен өткен дәрістер мен пікірталастар өте қызықты болды. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелерімен бөлісті және жаңа идеяларға шабыттандырды. Еліміздің болашағы осындай шығармашылық және талантты жастардың қолында екеніне қуаныштымын. Лагерьге барып, осындай қызықты адамдармен танысу мүмкіндігін сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын”, – деп атап өтті Дариға Смайылова.

Shares