СҚО тұрғыны гаражда босанды
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасына 25 жастағы әйел жатқызылды. Бұл жайлы СҚО ПД жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Алдын ала анықталғандай, әйел баланы гаражда туған. Аталған факті негізінде қауіпті жағдайда қалдыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда”,- делінген полиция хабарламасында.