Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Ел Дауысы” қоғамдық қорының басшысы Аида Жексенова тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг өткізді

“Ел Дауысы” қоғамдық қорының басшысы Аида Жексенова тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг өткізді

Петропавлда референдум күні референдум учаскелеріндегі жұмыстың негізгі бөлігін атқаратын тәуелсіз бақылаушылар үшін тренинг өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жалпыхалықтық дауыс беру 6 қазан күні өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Байқаушыларға арналған тренингті “Ел Дауысы” қоғамдық қорының басшысы, Қазақстанда танымал блогер Аида Жексенова ханым өткізді. Ол тренинг қатысушыларға дауыс берудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды тілге тиек етті. Тәуелсіз бақылаушылар сарапшыға сұрақтар қойды.

“Петропавл өте белсенді. Бізге осы жақтан көптеген өтінім келіп түсті. Сол үшін Астанадан офлайн форматта тренинг өткізуге келдік. Тәуелсіз бақылаушылар учаскелерде бұзушылықтар болмауын және референдум нәтижелері ашық, шынайы болуы үшін дауыс беру процесінің тазалығын қадағалайды. Әртүрлі жастағы адамдар тәуелсіз бақылаушыларға айналады. Көбінесе мұндай тәжірибе үшін студенттер тілек білдіріп жатады. Біз учаскелердегі мінез-құлық ережелерін түсіндіреміз, барлық бақылаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етуі тиіс”, – деді “Ел Дауысы” қоғамдық қорының басшысы Аида Жексенова.

“Ел Дауысы” қоғамдық қорының 2021 және 2023 жылдардағы президенттік, парламенттік сайлауды және 3 000-нан астам бақылаушы, 150 үйлестіруші қатысатын бірінші ауылдық сайлауды, сондай-ақ “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы шығарылған 2022 жылғы республикалық референдумда дауыс беру барысын бақылау тәжірибесі бар.

Shares