97 жастағы ҰОС ардагері Федор Щеглов референдумға қатысты
Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов референдумда дауыс берді. Комиссия мүшелері оның үйіне жылжымалы жәшікпен және қажетті құжаттармен барды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері Федор Васильевич түрлі наградалармен, соның ішінде «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 2024 жылдың қаңтарында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері 97 жасқа толды.
Дауыс беру учаскесiнде емес, тұрғылықты жерi бойынша дауыс беру – еліміздегі саяси науқан кезінде бұрыннан бар шешім. Осы тәсіл арқылы науқас, мүгедектігі бар немесе егде жастағы адамдардың дауысы есепке алынады.