“Учаскеде жұмысты ұйымдастыруға қатысты сұрақтар туындаған жоқ”: Владимир Витченко учаскелердің біріндегі жұмысты бағалады
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ СҚОФ төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Владимир Витченко референдумға қатысты. Ол №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешеніндегі учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Отбасымен бірге дауыс беруге бардым, өз таңдауымды жасадым. Учаскеде жұмысты ұйымдастыруға қатысты сұрақтар туындаған жоқ. Осындай маңызды күні мектеп аумағында спорттық жарыстарға қатысуға болатыны қуантады. Мен шахмат ойнап, жеңіске жеттім. Ең бастысы, біздің еліміз дамып, алға жылжуы керек деп санаймын. Жыл сайын азаматтарымыздың өмірі жақсара түсуі үшін өркендеу керекпіз”, – деп атап өтті Владимир Витченко.