Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Әрбір азамат өз дауысының маңызды екенін түсінуі тиіс”: Қалалық мәслихат депутаты Елена Семидоцких референдумда дауыс беру туралы ой білдірді

“Әрбір азамат өз дауысының маңызды екенін түсінуі тиіс”: Қалалық мәслихат депутаты Елена Семидоцких референдумда дауыс беру туралы ой білдірді

Қалалық мәслихат депутаты Елена Семидоцких бүкілхалықтық дауыс беруге қатысты. Ол 575-ші учаскеде таңдау жасады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Учаскедегі жағдай ұнады, адамдар келіп дауыс беріп жатыр, кейбіреулері отбасымен келуде. Бәрі әділ және ашық. Дауыс беру тәсілі қарапайым және түсінікті етіп жасалған. Комиссия мүшелері сұрақтары бар адамдарға көмектеседі”, – деді қалалық мәслихат депутаты Елена Семидоцких.

Қалалық мәслихат депутатының пікірінше, референдум күні мүмкіндігі бар кез келген адам дауыс беруі тиіс.

“Әрбір азамат өз дауысының маңызды екенін, дауыстың елдің болашағына әсер ететінін түсінуі тиіс. Референдум адамдарға маңызды. Ол халыққа өзекті мәселе бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Бүгін әркім өзінің азаматтық борышын өтеуі тиіс”, – деп атап өтті Елена Семидоцких.

Shares