Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полиция өкілдері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті, референдумда дауыс берді

СҚО-да полиция өкілдері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті, референдумда дауыс берді

Солтүстік Қазақстан облысында таңғы сағат сегізге, яғни ауысымға шыққанға дейін полиция қызметкерлерінің басым бөлігі отбасы мүшелерімен бірге бүкілхалықтық референдумда дауыс беріп үлгерді. СҚО ПД баспасөз қызметінің жазуынша, тәртіп сақшылары азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетуі керек екеніне нық сенімді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Референдумның басталуын полицейлер күшейтілген жұмыс режимінде қарсы алды. Дауыс беру учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік алдын ала басталды. Погондағы адамдар дауыс беруге арналған бюллетеньдері бар сейфтерді күзетіп, ықтимал штаттан тыс жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда.

“Учаскелер ашылғаннан бері қызметкерлер тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сайлау орындарында жүр. Барлық қызметкерлер арнайы құралдармен, бейнетіркегіштермен жабдықталған, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезеңінде іс-қимыл алгоритмдері бойынша нұсқау берілген. Сондай-ақ сайлау учаскелерінің маңында жол және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар күшейтілді”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

Дауыс беру штаттық режимде өтуде.

Shares