«Менің ойымша, мұндай оқиғаларды елемей кетуге болмайды»: Павел Афанасьев референдумға келудің не үшін маңызды екенін айтты
Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Павел Афанасьев № 592 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Бүгін таңертең Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумға қатыстым. Азаматтық парызымды орындадым, халқымыздың сана-сезімінің өзгергенін және оның қоғамдық-саяси тұрғыда жетілгендігін байқадым, себебі маған дейін (таңғы сағат 9.00 жағдай бойынша) дауыс бергендер көп болды. Менің ойымша, мұндай оқиғаларды елемей кетуге болмайды, себебі дәл осы оқиғалар барысында біз тарихи бетбұрыстарға ат салысу сезімін сезінеміз”, – деп жазды Павел Афанасьев Facebook желісіндегі өзінің парақшасында.