СҚО-да референдум күні кешке 20:00-ге дейін 591 учаске жұмыс істейді
Бірнеше сағат бұрын Қазақстанда бүкілхалықтық дауыс беру басталды. 6 қазан күні еліміздің тұрғындары республика аумағында АЭС қажет пе, жоқ па деген мәселені шешуі тиіс, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кешкі 20:00-ге дейін 591 учаске жұмыс істейді, оның 97-сі облыс орталығында орналасқан. СҚО-да референдум өткізуге 606 комиссия жұмылдырылды, оның 15-і аумақтық мәртебеге ие, ал 591-і учаскелік комиссияға жатады. Комиссия құрамына 3430 мүше кіреді.