Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы академиясының 78 курсанты алғаш рет референдумда дауыс берді
Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Барлығы 596 жігіт қатысты, олардың 78-і алғаш рет еліміз үшін маңызды саналатын саяси оқиғада таңдау жасады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
АЭС құрылысы бойынша референдумда бірінші болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының бастығы – полковник Артур Қалиақпарұлы Тоқышев дауыс берді.
Академияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 596 курсант, 11 офицер және әскери қызметшілердің 13 отбасы мүшесі дауыс берді.