«Адамдар мемлекет ісін басқаруға қатысқысы келеді», – деп есептейді облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев
Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Павел Афанасьев АЭС құрылысы бойынша өткен референдум жайлы өз пікірін білдірді. Ол жалпыхалықтық дауыс берудің алдын ала қорытындылары біздің қоғамымыздың ұйымшылдығы мен тұтастығы жоғары деңгейде екенін көрсетеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Мен халықтың 3/2 бөлігі АЭС-ті қолдайды, ал халықтың шамамен үштен бірі қарсы болады деп болжам жасадым. Экзитпол көрсеткендей, қазақстандықтардың 69,8% қолдайды. Қазақстандықтар біздің елімізде құқықтық мәдениеттің, құқықтық сананың, тұтастық пен бірліктің айтарлықтай жоғары деңгейі бар екенін растады. Біздің азаматтар тек саясат саласында ғана емес, экономика саласында да салмақты әрі жауапты шешімдер қабылдауға дайын екенін көрсетті. Адамдар мемлекет ісін басқаруға қатысқысы келеді”, – деп атап өтті Павел Афанасьев.
Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі барлық учаскелік комиссиялардың кешегі жұмысы үйлесімді, нақты және жедел болғанын атап өтті.
“Отандық және шетелдік бақылаушылар референдум нәтижелеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін үлкен бұзушылықтардың жоқтығын атап өтті. Техникалық бұзушылықтар болды, бірақ олар сайлау барысында бұрын да болған. Жұмыс аяқталмағанын айтқым келеді. Біз құрылыстың әрбір кезеңін бақылайтын боламыз. Менің ойымша, қоғамдық бақылау мен мониторинг барлық кезеңде болуы тиіс”, – деді облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев.