Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Аймақ басшысы “Копай” ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Аймақ басшысы “Копай” ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

October 9, 2024 20:01

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Копайдағы” үйлердің құрылысын тексерді. Мұнда жаңа шағын ауданның келбеті пайда болуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қазір 605 пәтерлік 7 көпқабатты үй салынуда. Бұл кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. Төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылуда. 

“Бұл шағын ауданда барлығы 3,8 мың пәтерлік 27 үй салынбақ. Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша мен емхана да тұрғызылады. Тозығы жеткен үйлердің орнына жайлы өмір сүруге арналған болашағы зор шағын аудан бой көтермек”, – деп жазды облыс әкімі.

Сондай-ақ қаланы аралау барысында өңір басшысы бюджеттік және коммерциялық үйлердің құрылыс барысын бақылады.  Петропавлда қазір барлығы 32 тұрғын үй салынып жатыр, оның 20-сы жеке компаниялардың есебінен.

Shares