«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС қалалық нысандарды жылуға қосуды аяқтап қалды
Бүгінгі таңда Петропавлдың әлеуметтік және медициналық мекемелері жылуға 100% қосылған. Ал қаланың тұрғын үй қоры 99% -ға қосылған. Жылыту маусымына әзірлік паспортын алмаған, яғни қалған 14 көппәтерлі үй бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
ПИК/МИБ-тің 2 үйінде жылыту жүйесі жөнделіп жатыр, 10 үйде қосу кезінде туындаған технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар тындырылуда, ал 2 үйде жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін гидравликалық режимді ретке келтіру жүргізілуде.
“Қаланы жылумен жабдықтаудың орталық жүйесі жылыту маусымына толық дайын болған кезде нысандарды кемінде 12 күн ішінде кезең-кезеңмен қосуды талап етеді. Үдеріс бірнеше кезеңді қамтиды: магистральдық және тарату желілерін желілік сумен толтыру, бұл ретте бүкіл қаланы жылумен жабдықтау жүйесіне зақым келтірмеу үшін гидравликалық жүктемелерді бөлу біркелкі жүргізілуі тиіс. Бұдан әрі желілерден ауаны шығару, рециркуляцияға қосу, желілерді жылыту, тұтынушыларды қосу және жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін гидравликалық режимді ретке келтіру жүргізіледі”, – деп хабарлады “Севказэнерго” АҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жылу қаланың барлық магистральдық және тарату желілерінде бар. Жылу беру маусымы кезеңінде жылу желілерін жөндеу персоналы тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырылды, мамандандырылған техникамен және қажетті материалдардың авариялық қорымен қамтамасыз етілді.