Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл референдум жайлы үгіт материалдардан тазартылуда

Петропавл референдум жайлы үгіт материалдардан тазартылуда

“Amanat” партиясы жанындағы “Жастар рухы” жастар қанаты” қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына қарасты белсенділер Петропавлды үгіт материалдарынан тазарту акциясын бастады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қоғамдық орындарда жапсырылған парақшалар мен плакаттарды алып тастау жөніндегі жалпықалалық науқан дүйсенбі күні таңертең басталды. Қала аумағында үгіт-насихат материалдары өте көп, сондықтан партия белсенділерінің алдында ауқымды жұмыс тұр.

“Референдум аяқталды, азаматтардың көпшілігі кең таралған үгіт материалдарына сүйене отырып, АЭС салу идеясын қолдады. Қазір оның ешқандай пайдасы жоқ. Бірақ біздің басты мақсатымыз – тазалық орнату”, – деп атап өтті “Amanat” партиясының СҚОФ баспасөз қызметі.

Shares