Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Қызылжар су» ЖШС-ның бірінші сатыға көтеру сорғы станциясын қорғау үшін бөгет салынуда

Петропавлда «Қызылжар су» ЖШС-ның бірінші сатыға көтеру сорғы станциясын қорғау үшін бөгет салынуда

Облыс орталығында бірінші сатыға көтеру сорғы станциясын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. «Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметі таратқандай, мұндай маңызды жұмыстар тозуды азайтып, қаланың үздіксіз тіршілік көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Жобада жалпы ұзындығы 3,5 км болатын 10 кВ жер асты кабельдік желісін төсеу бар. Осы арқылы сорғы станциясын электрмен жабдықтаудың резервтік көзі қарастырылып отыр», – делінген «Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, су тасқыны кезінде еріген қар суынан қорғау үшін сорғы станциясы маңында қоршау бөгетін салу туралы шешім қабылданды.

Shares