СҚО-да петропавлдық есірткі дайындағаны, сақтағаны және жарнамалағаны үшін 11 жылға сотталды
Өткен жылдың соңында полицейлер жабайы сора өсімдіктерінен 2,6 киллограмнан астам марихуана және 53 граммнан астам гашиш дайындаған 34 жастағы петропавлдықты ұстады. Есірткі заттары оның жертөлесінен тәркіленіп алынды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ер адам бұл есірткі заттарын Telegram мессенджері арқылы сатуды көздеген. Ол арнаны құрып, онда өзінің «тауарын» жарнамалауға кіріскен, сондай-ақ басқа «есірткі дүкенінің» жарнамасымен бөліскен.
“Есірткі өткізу ойы жүзеге аспады. Күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. Ол есірткі жасағаны, сату мақсатында сақтағаны және жарнамалағаны үшін сотталды. Сот ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды”,- деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.