Неміс компаниясы СҚО-да гранула жасайтын қондырғыларды шығаруды қолға алмақ
Солтүстік Қазақстан облысына германдық «Amandus KAHL» компаниясының құрылтайшысы Йоахим Берманн келді. Кездесу барысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Йоахим Берманн перспективалық инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі талқылады, деп хабарлайды QW News тілшісі.
«Amandus KAHL» әртүрлі өнімдерді түйіршіктеуге арналған жабдықты өндіруде көп жылдық тәжірибесі бар. Неміс компаниясы бұл өндірісті елімізге әкеліп, түрлі түйіршіктер, жем түйіршіктерін жасайтын қондырғылар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Тың бастаманың қос тарапқа да берері мол.
“Германияның компаниясы қазірдің өзінде жергілікті серіктестіктермен жоңышқадан, зығыр сабанынан және ағаштан түйіршіктер өндіру жобаларын қолға алған. Қондырғылар шығаратын зауытты ашу үшін шетелдік инвесторға барлық қажетті көмекті көрсетеміз”,- деп жазды өңір басшысы Telegram желісіндегі өзінің арнасында.