Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда белсенді жастар экологияға қамқорлық мәселесін талқылады

Петропавлда белсенді жастар экологияға қамқорлық мәселесін талқылады

Петропавл қаласындағы Достық үйінде «Таза Қазақстан» бағдарламасын өңірімізде жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстел өтті. Оны СҚО еріктілер фронт-офисінің белсенділері, СҚО ішкі саясат басқармасы жанындағы Қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімінің мамандары мен қаланың ЖРО өкілдері бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Дөңгелек үстел барысында СҚО экология департаментінің өкілдері, «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель, ҚХА мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Сәлімхан Сәбитов баяндама жасады.

“Іс-шара жастардың мәдени және экологиялық тұрғыда дамуына, өскелең ұрпақ арасында құндылықтарды қолдауға бағытталған. Конференцияға студенттер мен еріктілер қатарынан елуден астам жас қатысты. Біз 1,5 мың іс-шараға қатысқанымызды айтқым келеді. Белсенділердің күшімен Петропавлдан 300 тонна қоқыс шығарылды”, – деді Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Әбдин.

Shares