Уәлиханов ауданының тұрғындары бір күн электр энергиясынсыз қалады
Ағымдағы жылдың 14 қазанында Уәлиханов ауданының аумағында электр энергиясы өшірілді. Бұл шешім таңертеңгі 9-дан кешкі 17:00-ге дейін созылатын жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Барлық тұтынушылардың назарына! “Қызылту” қосалқы станциясындағы 110 кВ ӘЖ тексеру нәтижелері жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсетеді. Осылайша, анықталған ақауларды жою, тұрақты және үздіксіз электр энергиясын беруді жүзеге асыру үшін Уәлиханов ауданының аумағында «Көкшетау Энерго» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсіністік пен шыдамдылық үшін алғыс білдіреміз”, – делінген Уәлиханов ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.