Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті баласын кезекке қоя алмаған Петропавл тұрғынына көмектесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті баласын кезекке қоя алмаған Петропавл тұрғынына көмектесті

Департаментте Telegram мобильді қосымшасының «EgovKzBot2.0» платформасында баланы балабақшаға кезекке қоюға өтінім беру мүмкін еместігі туралы Петропавл қаласы тұрғыны жолдаған өтініш қаралды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп, өтінішті қарау барысында көрсетілетін қызметті алушыға өтінім беруге жәрдем көрсетілді, нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыға таңдаған балабақшаға жолдама берілді. Осылайша, қойылған мәселе шешілді, көрсетілетін қызметті алушы өзінің заңды құқығын іске асырды. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Департаментке «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы жүгіне алады”,- деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті.

Shares