Мамлют ауданының әкімі «ҮМІТ» құрамасының мүшелерін марапаттады
Мамлют аудандық мәдениет үйінде қарттар мен мүгедек адамдарды қолдау жөніндегі айлық шеңберінде аудан әкімі Елена Степаненко «ҮМІТ» құрамасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Дене шынықтыру және спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосқаны үшін «ҮМІТ» құрамасы іс-шарада аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Кездесу барысында Елена Степаненко параолимпиада спортын Мамлют ауданында дамыту маңыздылығын өтті өтті. Оның сөзінше, біздің облыс инклюзивті қоғам құруға батыл қадамдар жасауда.