Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да көктем келмей бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда

СҚО-да көктем келмей бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда

Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны кезінде зардап шеккен бөгеттерді қалпына келтіру жалғасуда. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мамандармен бірге жөндеу барысын тексерді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Бөгеттерді нығайту және ұлғайту жұмыстары жүргізіліп, Жеңіс саябағында жағалауды бекітетін ашық кәріз жүйесі орнатылуда. Жалпы ұзындығы 32 км болатын 8 бөгет қамтылған, атап айтқанда: Прибрежное, Тепличное, Бескөл, 0,8 км, Ущева көшесі, Былғары, Заречный, Биотоған”,- деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өзінің Telegram арнасында.

Аймақ басшысының жазуынша, қалпына келтіру жұмыстарына жүздеген самосвал, тиегіш, каток пен грейдер жұмылдырылған. Әрбір нысанға техникалық қадағалау бекітіліп, жұмыс барысын қатаң қадағалауда. Бөгеттер көктемгі су тасқынының ерекшеліктерін ескере отырып, мамандардың есебі бойынша салынуда. Мердігерлерге барлық жұмыстарды келесі айдың ортасына дейін аяқтау міндеті қойылған, деп түйіндеді СҚО әкімі.

Shares