Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды

СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды

9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтығын жоғалтқан 23 адам ескі құжаттарды пайдаланып келген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша оларға ірі айыппұл төлеуге тура келді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Басқа елдің азаматтығын алған тағы 22 адам бұл туралы 30 күн ішінде хабарламаған. Бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған: ірі айыппұлдан бастап, Қазақстаннан әкімшілік шығарып жіберуге дейін.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтығын ауыстыруды шешкен адамдардан барлық мәселелер бойынша кеңес алуды және осы процестің жүктеген міндеттерін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Shares