Энергетиктер «Amanat» партиясының мүшелеріне 2-ЖЭО-дағы жағдай туралы айтып берді
«Amanat» партиясының өкілдері Петропавлдағы 2-ЖЭО-да болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі «Севказэнерго» АҚ-ға сілтеме жасай отырып.
Партиялықтармен кездесу барысында «Севказэнерго» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Петр Богданов энергетиктер жүргізген жөндеу жұмыстары және күзгі-қысқы кезеңге дайындық шаралары туралы айтып берді.
Депутаттар стансаның жылыту маусымын өткізу мәселесіне, сондай-ақ кадрлық тапшылыққа баса назар аударды.