Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Бірлік» шағын ауданында 90 орындық бөбекжай ашылды

«Бірлік» шағын ауданында 90 орындық бөбекжай ашылды

«Бірлік» шағын ауданында сәулетті бөбекжай ашылды. Ол 90 балаға шақталған. Әлеуметтік нысанның салтанатты ашылу рәсіміне СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Ел Президенті өз Жолдауында барлық деңгейдегі білім сапасын арттыру міндетін қойды. Республика күні қарсаңында «Бірлік» жаңа шағын ауданының тұрғындары үшін қуанышты оқиға орын алып отыр. Біз бюджеттен тыс қаражатқа салынған балабақшаны ашудамыз, мердігер – «Мирас Group» ЖШС, басшысы Исин Мәлік Мұхтарұлы болып табылады. Бұл жеке бизнестің арқасында мүмкін болғанын атап өткім келеді. Біз өте қысқа мерзімде осы балабақшаны салдық”, – деп атап өтті СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Аймақ басшысы балаларды қолжетімді мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету ел дамуының маңызды бағыты болып табылатынын да атап өтті. «Бірлік» шағын ауданындағы ата-аналар үшін бүгін қуанышты күн екені айтпаса да белгілі.

“Таза, кең, жайлы, балалар үшін бәрі бар. Қызметкерлер қонақжай. Бөбекжай таяқ тастам жерде орналасқан, һсондықтан мен қуаныштымын. Президентімізге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамын”, – деді ата-ана Наталья Прохорова.

Бір корпусы бар бөбекжай 4 топқа шақталған. Балабақшада ұлдар мен қыздардың сабақтарына қажетті заттардың бәрі бар.

“Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Балабақшаны жабдықтау бойынша барлық талаптар сақталған. Барлық қауіпсіздік нормалары ескерілді, бейнебақылау камералары, өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылды. Қызметкерлер штаты толығымен жинақталған. Барлық төрт топ жиһазбен жабдықталған, оқу-әдістемелік құралдары да бар. Бұл балабақша бақытты балалық шақ аумағы болады деп ойлаймын”, – деп атап өтті “Бірлік” бөбейжай меңгерушісінің міндетін атқарушы Райхан Сералина.

Shares