Қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов «Основание» ЖШС қызметкерлеріне АЭС-тің артықшылықтары туралы айтты
Петропавлдағы «Основание» ЖШС ұжымымен АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб өкілі тағы жолықты. Бұл жолы заманауи орталық туралы негізгі ақпар жария етілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Кәсіпорын мамандары АЭС-тің артықшылықтарымен танысты, басқа елдердің табысты тәжірибелерін білді, облыс орталығындағы белсенділердің пікірін тыңдады.
“СҚО-да азаматтардың 66% АЭС құрылысына дауыс берді. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде Ақжар және Уәлиханов аудандарында тұратын адамдар белсенілік танытты, олар электр қуаты жиі өшетіндігі туралы көп айтты. ЖЭО бізге көп жылдан бері қызмет етіп келеді, бірақ нысан жаңа емес. Энергияның баламалы көздері болса оны тұрақты түрде бермейді, себебі ауа райына тәуелділік бар, ал ауа райы әртүрлі болады. АЭС – тамаша нұсқа. Қазақстандықтар оған дауыс берді”, – деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов.