СҚО тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша үздіктердің қатарынан көрінді
2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты. Өсімнің жоғары көрсеткіштері Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғырту жөніндегі төрт ауқымды бастамасын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл жайлы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
ҚР ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткендей, оң динамика еліміздің 18 өңірде тіркелді.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,2%-ға артық. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалады.