Петропавлда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтеді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 16 қазан сағат 14.00-де облыс басшылығы мен барлық мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Мұндай ресми ақпар СҚО әкімінің Telegram арнасында пайда болды. Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні Оқушылар сарайында өтеді.
Әрбір облыс тұрғыны өз сауалын қойып, барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады. Қосымша кеңесті 8 (7152) 34 02 04 телефон нөмірі арқылы алуға болады.