Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне теріскейлік 110 тауар өндіруші қатысады

Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне теріскейлік 110 тауар өндіруші қатысады

2024 жылдың 19-20 қазан күндері Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында Солтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жәрмеңкеге 13 аудан мен Петропавл қаласынан 110-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына еттің барлық түрі, картоп және көкөністер, сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, шұжық өнімдері, ұн және макарон өнімдері ұсынылады.

“Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 735 тоннадан астам.
Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары да молынан өнім апармақ. Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз”,- делінген СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының хабарламасында.

Shares