Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да «Менің кіші Отаным» байқауына 55 жас тарихшы қатысты

СҚО-да «Менің кіші Отаным» байқауына 55 жас тарихшы қатысты

Өңірде жас тарихшылар арасында «Менің кіші Отаным» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Ол Петропавлда орналасқан Қожаберген Жырау атындағы № 6 орта мектепте ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа аудандар мен облыс орталығындағы мектептерден 55 жас қатысты. Олар – 9-10 сынып оқушылары, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Байқау екі кезеңнен тұрады. Біріншіде оқушылар Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеуден өтеді. Екінші турда балалар жобаларын қорғап, эссе жазатын болады. Бүгін олар ауылдар мен қалалардың макеттерін дайындады. Байқаудың республикалық кезеңі қазан айының соңында Өскемен қаласында өтеді. СҚО-дан 4 оқушы өнер көрсетеді”, – деді “Қызылжар дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Бақыт Ғабдуллина.

Shares