Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қалалық ЖРО басшысы медицина колледжінің студенттеріне АЭС-тің пайдасы туралы айтты

Петропавл қалалық ЖРО басшысы медицина колледжінің студенттеріне АЭС-тің пайдасы туралы айтты

Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Әбдин Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұжымымен ақпараттандыру жұмысынан кейінгі кездесу өткізді. Ол студенттерге елімізде неге АЭС салу керектігі туралы айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“6 қазанда референдум өтті. Адамдардың көпшілігі АЭС құрылысына қолдау танытып дауыс берді. Қазан айының соңына дейін жалғасатын үгіт-насихат жұмысынан кейінгі осындай кездесулер нысанды салудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Кездесулер күн сайын өткізіледі”, – деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Shares