СҚО-да алимент төлемеген екі борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Шал ақын ауданының прокуратурасы алимент төлемдері бойынша 8,4 млн теңге және мемлекет кірісіне 2,3 млн теңге берешекті өндірді. 3 қасақана борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды. 2 проблемалық борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Кәмелетке толмаған баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін 7 айдан астам орындамау салдарынан 2,6 млн теңге қарызы бар борышкерге Шал ақын аудандық сотының үкімімен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Басқа жағдайда, заңды күшіне енген сот шешімін 6 айдан астам орындамағаны үшін борышкер 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылды”,- делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасы борышкерлерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді, атап айтқанда әр айдың 10-күні Жастар бастамалары орталығында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізіліп, борышкерлерге бос жұмыс орындары ұсынылады.