Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-лық Нұрсұлтан Жақыпов кикбоксингтен Азия чемпионы атанды

СҚО-лық Нұрсұлтан Жақыпов кикбоксингтен Азия чемпионы атанды

СҚО ПД полиция аппаратының қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов 5-14 қазан аралығында Камбоджа елінде кикбоксингтен өткен Азия чемпионатында бірінші орын иеленді. Осылайша, екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Полиция аға лейтенанты Жақыпов 86 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль алды. Ол СҚО-дан шыққан алғашқы екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Нұрсұлтан – full-контакт бөлімінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының иегері”, – делінген СҚО ДП баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares