Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мамлют ауданында кәмелетке толмаған екі баланы өзге жерге көшіру мәселесі қаралды

Мамлют ауданында кәмелетке толмаған екі баланы өзге жерге көшіру мәселесі қаралды

Мамлют ауданында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиын аудан әкімінің орынбасары Айсұлу Тайменованың төрағалық етуімен өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Отырысқа қатысушылар Андреевка орта мектебінің кәмелетке толмаған екі оқушысына қатысты колдаухатын қарастырды. Аудан тұрғыны ата-ана міндетін тиісінше орындамаған.

Комиссия материалдарды қарастырып, екінші тоқсаннан бастап 10 сыныпта оқитын кәмелетке толмаған баланы Мамлютка каласындағы санаторлық мектепке оқуға жіберу, ал қазіргі уақытта Архангелка ауылындағы балаларды бейімдеу орталығындағы кіші баланы Петропавл қаласында тұратын үлкен әпкесінің қамқорлығына беру туралы тиісті ұсыныстар қабылдады.

Shares