Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінде қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтаудағы діндердің рөлі талқыланды

Қозыбаев университетінде қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтаудағы діндердің рөлі талқыланды

Қозыбаев университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Рухани келісім күніне орай брифинг форматында кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында дәстүрлі діндердің рухани-адамгершілік құндылықтары, бірлік пен келісімді сақтау мәселелері талқыланды. Кездесуге «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры– Александр Никифоров және үш дәстүрлі конфессияның өкілдері: Мағжан Жұмабаев ауданының «Береке» мешітінің бас имамы – Мұхаммад Абдулла, Мефодий шіркеуінің діни қызметкері– Михаил Березин, қаламыздың «Святая Троица» католиктік шіркеуінің діни қызметкері- Павел Мрочек шақырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, шараға СҚО ІСБ этносаралық қатынастарды талдау бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова, AMANAT партиясы «Болашақ» филиалының жауапты хатшысы Александр Зель, Астанадағы Дінді зерттеу орталығының мониторинг бөлімінің басшысы Олег Синяков қатысты.

Жиналған өкілдер барлық діндердің рухани-адамгершілік құндылықтарын, исламның бейбіт мәні мен жиһадты түсіну, католик шіркеуінің неке мен отбасына қатынасы мәселелерін талқылады. Спикерлер, діндердің адамның рухани өсуіне ықпал етіп, толерантты, мейірімді болуға үйретеді деген ортақ пікірге келді.

Shares