Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның 20 оқушысы Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңінде бақ сынады

СҚО-ның 20 оқушысы Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңінде бақ сынады

17 қазан күні Петропавлдағы «Қызылжар дарыны» орталығы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Біздің өңірден 20 оқушы қатысты. Олардың 7 ауылдық мектепте білім алып жүрсе, қалған 13 – қалалық оқушылар. Олимпиада екі кезеңнен тұрады: біріншісі – тестілеу, екіншісі – шығармашылық эссе жазу.

Іс-шара талантты оқушыларды анықтауға және олардың академиялық саладағы ұмтылыстарын қолдауға бағытталған. Іріктеу кезеңінде ашықтық пен адалдыққа ерекше назар аударылды. Олимпиаданы «Дарын» РҒПО жобалық қызмет және дарынды оқушыларды шығармашылық дамыту бөлімінің әдіскері бақылады.

Shares