Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мамлютка тұрғындары эко-акция аясында стадионды тазартты

Мамлютка тұрғындары эко-акция аясында стадионды тазартты

Мамлютка қаласындағы «Юность» стадионында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі «Amanat» партиясының СҚОФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл жолы да белсенді қоғам өкілдері мен партия белсенділері спорттық нысанның аумағын ретке келтіру, қоқыс жинап және төңіректі абаттандыру үшін күш біріктірді.

“Біздің мақсатымыз – экология мәселелеріне назар аудару және қоғамдық орындарда тазалық сақтау. Мұндай акциялардың берері мол. Олар халыққа тәртіп сақтаудың маңызды екендігін ұғындырады, адамдарды біріктіреді. “Таза бейсенбі” акциясы Мамлют ауданында өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған тұрақты шаралардың бірі деп атап өткім келеді”, – деді “Amanat” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алтын Сағитова.

Shares