Ақжар ауданында көпбалалы екі отбасы жаңа үйлердің кілтін алды
October 22, 2024 20:09

Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылында Республика күнін мерекелеу қарсаңында аудан әкімі Рүстем Елубаев кезекте тұрғандарға, атап айтқанда көпбалалы отбасыларға екі үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Тұрғын үйлердің аумағында мынандай шаруашылық құрылыстар бар: сарай және көмір тұратын орын. Аудан әкімі қоныс иелерін келе жатқан Республика күнімен құттықтап, оларға бақыт, шаттық және игілік тіледі.


