Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Республика күніне арналған конференция өтті

Петропавлда Республика күніне арналған конференция өтті

Петропавлдағы Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің қабырғасында Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне арналған TED-конференция өтті. Оған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттері қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Конференцияда облыс орталығы мен Тайынша ауданының колледждері оқытушылары және студенттерінен іріктелген 11 спикер сөз сөйледі. Сонымен қатар, СҚО ҚХА өкілдері мен кітапхана қызметкерлері баяндама жасады.

Конференция алдағы Республика күніне орайластырылды, сондықтан оған қатысушылар Қазақстанның қалыптасуы мен еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктері туралы айтты.

Shares