Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 90 ұстаз облыстық семинарға қатысты

СҚО-да 90 ұстаз облыстық семинарға қатысты

Шал ақын ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бірыңғай тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам» атты облыстық семинар өтті. Шара Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінде және «Бөбек» бөбекжайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Облыстық Әдістемелік орталық мамандары ұйымдастырған іс-шараға облыстық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. ​Семинардың мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыруға және жеке тұлғаны дамытуға арналған сабақтардың мазмұны арқылы құндылықтарды біріктіру болды.

Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы, облыстық семинарға 90 ұстаз қатысты.

Shares