Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі өңір тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

СҚО әкімі өңір тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

25 қазан күні қазақстандықтар маңызды мемлекеттік мереке – Республика күнін атап өтуде. Бұл күн еліміздің тарихындағы маңызды күн болып табылады, өйткені дәл осы күні 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Өзінің Telegram арнасында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрбір қазақстандық үшін ұлы мереке, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің мызғымас белгісі. Халқымыздың болашағы жарқын болып, әрбір отбасы бақ-берекеге бөленсін! Еліміз қарыштап дамып, әлемде беделі арта берсін. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің қадірін біліп, Отанымызға адал қызмет етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!”,- деп жазды СҚО әкімі.

Shares