СҚО-да кәсіпкерлер көлік құралдарын транзиттік нөмірлермен сақтандыру кезінде қиындыққа тап болуда
Өңірлік кәсіпкерлер палатасына «Зенченко және Компания» КТ көмек сұрап жүгінді. Жергілікті кәсіпорын меншік құқығының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған және өздігімен тіркеу орнына жеткізілетін көлік құралдарын сақтандырудан сақтандыру компанияларының бас тарту проблемасына бірнеше рет тап болған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Жаңа тіркеу орнына жеткізу үшін транзиттік нөмірлерді алғаннан кейін кәсіпкердің сақтандыру компанияларының негізсіз бас тартуынан көлік құралын сақтандыруға мүмкіндігі жоқ. Мұның бәрі ішкі транзит. Заң мұндай жағдайларда сақтандыруды 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге беруге рұқсат етедi. Осыған ұқсас проблемасы бар басқа да кәсіпкерлер анықталды”, – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Достлер.
Мәселе СҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды. Тілдесу барысында қысқа мерзімді полистерді рәсімдеу жүйелердің интеграциясының жоқтығынан күрделендірілгені және ақпарат алудың ұзақтығына байланысты сақтандыру компаниялары үшін тиімсіз екені белгілі болды.
Бұл мәселені шешу үшін кеңес мүшелері ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне мәселені бақылауға алуды, сақтандыру ұйымдарымен қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, қайта негізсіз бас тартқан жағдайда тиісті шаралар қабылдауды ұсынды.