Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Сабырлық сақтауды сұраймыз»:«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ хабарландыру жасады

«Сабырлық сақтауды сұраймыз»:«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ хабарландыру жасады

October 24, 2024 09:49

24 қазан күні Петропавл 2-ЖЭО-да күрделі жөндеуден кейінгі № 1 қазандық агрегаты мамандардың бақылауында болады. Мұнда бу қыздырғышын жоспарлы үрлеу жүргізіледі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Үрлеу процесі кезінде арнайы қондырғылар арқылы жоғары қысыммен атмосфераға шығарылатын өнеркәсіптік бу қатты дыбыс шығарады.

«Сабырлық сақтауды сұраймыз! Барлық іс-шаралар Петропавл 2-ЖЭО мамандарының қатаң бақылауымен өтуде», – делінген «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares